Миға шабуыл әдісі

Миға шабуыл әдісі білімгерлердің мәселенің шешудің тиімді жолын табу, олардың коммуникативтік креативтілігін жоғарылату үшін пайдаланылады. Әдістің мақсаты - келесі ережелерді орындау арқылы көбірек бастамашыл пікірлерді жинақтау:

1) Барлық идеялар жазылады.

2) Ешқандай идея теріске шығарылмайды.

3) Ешбір идея ұсынылу барысында талқыланбайды.

4) Идеялар ұқсастығы бойынша топтастырылады.

5) Қайталау болмайды.

6) Барлық идеялар соңында талқыланады.

7) Оң шешімді таңдау дауыс беру арқылы шешіледі.

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар шектеусіз әлеуетке ие. Зерттеушілер тарапынан ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы көптеген дидактикалық міндеттерді шешуге болатындығы дәлелденіп келеді.

Қазақ