Step over the Line
Қатысушылар жұптасып бір біріне қарама қарсы тұрып, араларындағы шекара сызығы сызылады. Уақытты есепке алушы жүргізушінің көмегімен әрқайсысы бір-бірін ағылшын тілінде өз жағына өтуге үгіттейді. «Тоқта» командасынан соң бәрі үнсіз қалады. Әдетте алғашқы кезеңде ешкімді өз жағына өтуге үгіттеу оң нәтиже бере қоймайды. Жүргізуші қатысушыларға назарды серіктесті өз жағына тартуға аударуды ескертеді (бірақ үгіттеуде қаржы ұсыну сияқты үгіттеу әдістерін қолдануға рұқсат жоқ, бірақ шекараның арғы бетінде серіктеске қолайлы екендігіне сендіре алулары керек. Белгі берілген соң үгіттеу жұмыстары жаңа қарқынмен жалғастырылады. Ойын соңында шекарадан өткен ойыншы өзін серіктесі қалай үгіттегенін егжей-тегжейлі барлығына айтып береді. Бұл ойын білімгерлердің коммуникатвитік және шешендік дағдыларының дамуына ықпал етеді.
