Secret sentences (Құпия сөйлемдер) ойыны

Әрбір білімгерге қағаз парақтары таратылып, оқытушы оған сөз немесе грамматикалық құрылымды айтады. Осы сөзбен/грамматикалық құрылыммен білімгер сұраулы немесе керіге шығарушы, бекітуші сөйлем құрастырады. Сөз/грамматикалық құрылым жазылған қағаз бөлігін көрінбейтіндей етіп бүктеп,  парақты келесі студентке береді. Парақты алған келесі білімгер онда жазылған сөз/грамматикалық құрылымға қатысты сөйлем құрайды, содан кейін ғана өзінің алдындағы білімгерлер құрастырған сөйлемдерді қарау құқығына ие болады. Парақтың жазбаланған жоғары бөлігін бүктеп келесі білімгерге ұсынады. Бұл формада ұсынылған қызықты тапсырма білімгерге үйретілген сөздерді (идиом, сөздер, грамматикалық құрылым) дұрыс жазуға үйретіп, контексте жаңа сөздерді қолдану дағдыларын қалыптастырады.

Қазақ