Жоба әдісі

Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік әлеуеттерін ағылшын тілін меңгеруде қалыптастыруда жоба әдісі де пайдаланылды. Білім беру үдерісінде жобаларды пайдалану бойынша ұсынылған түрлі тәсілдерді жалпылау негізінде жобалық оқыту мақсаты көп жағдайда білімгерлер жеткіліксіз білімді өз беттерінше түрлі ақпарат көздерінен алуларына; танымдық және практикалық мәселелерді шешу үшін меңгерілген білімдерді пайдалануды үйренулеріне; түрлі топтарда жұмыс істеу арқылы коммуникативтік әлеуетті қалыптастыруларына; өздерінің зерттеушілік біліктерін дамытулары (мәселені айқындай алу білігі, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, болжау, жалпылау) жағдай жасауды қарастырады.

Жоба әдісі проблемалық, зерттеушілік, нақты практикалық нәтижеге бағытталған  шығармашылық іздеу әдістемелерін пайдалануға арналған. Жоба әдісін пайдаланудың негізгі талаптары төмендегідей болды: зерттеушілік жоспарда интеграцияланған білімді, зерттеушілік ізденісті талап етуші маңызды проблеманың, міндеттердің болуы; ұсынылатын нәтижелердің практикалық, теориялық мәнділігі; сабақтағы және сабақтан тыс кездегі білімгерлердің өзбетінше іс-әрекеттері; Жобаның мазмұндық бөлігін құрылымдау; зерттеушілік әдістерді пайдалану; мәселені әрі одан шығатын зерттеу міндеттерін анықтау; оларды шешу болжамдарын тұжырымдау; зерттеу әдістерін талқылау; ақырғы нәтижелерін безендіру; алынған мәліметтерді талдау, қорытындылау; түзетулер жасау, қорытындылар (бірлескен зерттеу әдісі барысында «миға шабуыл», «дөңгелек үстел», шығармашылық есептер, жобаны қорғау және т.б.). Біз топтық, жұптық және жеке жобалар жүргіздік;

 Зерттеушілік; «Фразеологизмдер этимологиясы», «Стереотиптер», «Бейвербальді коммуникация құралдары» және т.б.

Шығармашылық жобалар: «Мәдени мозаика», «Білімде шекара жоқ»,  және т.б.

Ақпараттық жобалар: «Компьютер әлеміне саяхат», «Интернетте қонақта» және т.б. Жоба әдісі білімгерлерде тұлғааралық коммуникацияға және ағылшын тіліне ішкі мотивацияның қалыптасуына ықпал етті. Бірақ мұғалімдердің коммуникативтік құзіреттіліктерін, коммуникативтік қасиеттерін жетілдіруге мүмкіндік берді.

Қазақ