Associations

Оқытушы білімгерлерге түрлі картинкалар топтамасын (компьютерлік желінің сұлбалық суреттері, ақпараттық белгілер, ақпараттық модельдер, компьютер құрылғылары) береді. Білімгерлер кезектесіп топтамадан сурет алып өзінің оң жағындағы көршісіне картинкамен байланысты кез-келген сұрақ қояды немесе осы сұраққа кім жауап беретіндігін атайды. Сұрақ қойылған білімгер оған жауап беріп, келесі білімгерге өз сұрағын қояды. Күлкілі сұрақтарға рұқсат етілгенімен, ойға сиымсыз сұрақтар қоюға рұқсат жоқ. Сұрақтың ойға сиымсыздығын қалған қатысушылар анықтайды. Ойында жеңімпаз анықталмайды, бұл тек ағылшын тілінде сұрақ қою дағдысын жетілдіруге бағытталған.

Қазақ