Six Thinking Hats әдісі
Six Thinking Hats әдісі білімгерлерге коммуникация үдерісінде шығармашылық іс-әрекеттің ықпалды құралы ретінде ойлау модельдерін пайдалануға; артық эмоциянальдылықтан арылуға; тәсілдердің көптүрлілігінен мәселені көру, коммуникацияда толерантты әрі иілгіш болуға мүмкіндік береді. Әдістің қысқаша сипаттамасы:
Six Thinking Hats - Эдвард де Боно ұсынған ойлауды ұйымдастырудың танымал әдістерінің бірі, бұл кез-келген ақыл ой қызметін (жеке немесе топтық) құрылымдау мен ықпалдылығын арттыруға көмектеседі.
Six Thinking Hats әдісінің астарында параллель ойлау идеясы жатыр. Дәстүрлі ойлау талқылауға, ойлардың соқтығысуына негізделген. Дегенмен, мұндай тәсілде талқылауда дұрыс шешім емес барынша табысты қозғалыстағы шешім ұтады. Параллель ойлау - бұл түрлі көзқарастар мен тәсілдер соқтығыспай бір - бірін толықтыратын конструктивтік ойлау.
Six Thinking Hats әдісі - ойлау үдерісін түрлі түстегі шляпалармен белгіленген алты режимге бөлу арқылы қиындықтарды еңсерудің қарапайым әрі оңтайлы әдісі.
Ақ түсті шляпа: ақпарат
Ақ түсті шляпа назарды ақпаратқа аударуға пайдаланылады. Бұл режимде бізді тек фактілер қызықтырады. Біз білетіндеріміз бен өзімізге қажетті ақпараттарды, оларды алу жолдарына қатысты сұрақтарды қарастырамыз.
Сурет 3 - Six Thinking Hats әдісінің сипаты
Қызыл түсті шляпа: сезім және интуиция
Қызыл шляпа режимінде сессияға қатысушыларда қарастырылып отырған сұраққа қатысты неге, кім кінәлі, не істеу керек деген түсіндірмелерге берілмей өз сезімдері мен болжамдарын айтуғамүмкіндік туады.
Қара түсті шляпа: сын
Қара түсті шляпа сыни бағалауға, қауіптер мен абайлау қажеттілерге ерік беруге мүмкіндік ұсынады. Ол бізді ойластырылмаған қажет әрекеттер жасаудан қорғайды. Мүмкін қауіптерді көрсетеді. Мұндай ойлаудың маңызы зор.
Сары түсті шляпа: логикалық позитив
Сары шляпа бізден қарастырылатын идеяның позитивтік жақтары мен артықшылықтарына назар аударуды талап етеді.
Жасыл түсті шляпа: креативтілік
Жасыл шляпа астында біз жаңа идеялар ойлап, бар идеяларды жетілдіреміз, баламалар іздейміз, мүмкіндіктерді зерттейміз, жасыл түске креативтілік береміз.
Көк түсті шляпа: үдерісті басқару
Көк түсті шляпа сұрақ мазмұнымен емес жұмыс үдерісін басқару үшін белгіленуімен басқа шляпалардан ерекшеленеді. Дербес жағдайда оны сессия басында не істеу қажеттігін анықтау мен сессия соңында қол жеткізілгендерді жалпылау мен жаңа мақсаттарды белгілеуге пайдаланылады.
Ұйымдастыру
Топтық жұмыстағы ең кең таралған модель – сессия басында шляпалардың тізбектілігін анықтау.
Тізбектілік шешілетін мәселемен анықталады. Содан соң сессия басталып барлық қатысушылар анықталған тізбекке сәйкес бір түсті шляпаны киеді де сәйкес режимде жұмыс жасайды. Модератор көк түсті шляпада қалып, үдерісті бақылайды. Сессия нәтижелері көк шляпа астында қосындыланады.
Аталған әдіс көмегімен тұлғаралық коммуникация проблемалары мен жағдайларын талқылайды. Белгіленген идеяны түсіне сәйкес білімгердің тиісті рөлді атқаруы назарға алынды. Шляпаларды ауыстыруда ойлаудың өзгеруі іске асырылды. Бұл әдіс проблеманы шешуде ойлау үдерісі технологиясын көрнекі әрі қарапайым меңгеруге, әрі қақтығыссыз дискуссияны қамтамасыз етуге әсер етті.
