Коллаборативтік оқыту стратегиясы
Оқытудағы серіктестік моделінің кең таралған моделі коллаборативтік оқыту (collaborative learning).
Collaborative - жалпы, біріктірілген, бірлескен. Бұл оқыту әдісі білімді консенсус ретінде қарастырады. Аталған стратегия білімді басқару тұжырымдамасына негізделген.
Коллаборативтік бірлескен жұмысқа басымдық береді. Бұл тек оқу техникасы ғана емес, қандай да бір философия сапасында да қарастырылуы мүмкін.
Жобалық оқытудың нақты ережелерге негізделуі мүмкін. Ал бұл коллаборативтік оқыту тәжірибесі жоқ топтар үшін пайдалы.
Оқытудың жоба әдісінен басқа да қазіргі кезде бірлескен оқытуды іске асырудың ұстанымдарына негізделген оқыту әдістері жеткілікті. Олардың кейбірі жұп болып, кіші топ болып (3-5 білімгер) жұмыс жасауға арналған.
Коллаборативтік оқытудың ұстанымдары жобалық оқыту жүйесіне де тән болып келеді. Жобалық оқыту жүйесінің негізін америкалық ғалымдар Дьюи, Лай, Торндайк және т.б. идеялары құрайды. Аталған оқыту жүйесін жасақтаушылар оның негізгі идеясын «барлығы өмірден, барлығы өмір үшін» деп тұжырымдайды. Сондықтан оқытудың жоба әдісі алдымен қоршаған ортаны таным үдерісі өтетін зертхана ретінде ретінде пайдалануды ұсынады.
