Get it Right

Бұл ойын меңгерілген лексикалық бірліктер бойынша білімді тексеруге тиімді. Алдын ала білімгерлерге бірқатар ағылшын тіліндегі сөздер мен сөз тіркестерін жаттауға ұсыну оңтайлы. Оқытушы топты үш командаға бөледі. Сәйкес олардың жинаған баллдарын қою үшін тақтаға үш баған сызылады.

1 деңгей. Оқытушы қазақ тілінде сөзді немесе сөз тіркесін атайды. Қатысушысы алғаш қол көтерген білімгердің тобы сөздің/сөз тіркесінің ағылшын тіліндегі атауын алдымен айтуға мүмкіндік алады.

2 деңгей. Оқытушы қазақ тілінде сөзді немесе сөз тіркесін атайды. Қатысуышысы алғаш қол көтерген білімгердің тобы сөздің/сөз тіркесінің ағылшын тіліндегі атауын алдымен айту мен тақтаға жазуға мүмкіндік алады.

3 деңгей. Оқытушы қазақ тілінде сөзді немесе сөз тіркесін атайды. Қатысуышысы алғаш қол көтерген білімгердің тобы сөздің/сөз тіркесінің ағылшын тіліндегі атауын алдымен айтуға және осы сөз/сөз тіркесі пайдаланылған  сөйлемді тақтаға жазуға мүмкіндік алады.

Қатысушыларға арналған ереже. Орнында отырып дауыстап жауап беруге жол берілмейді немесе айып белгіленеді (яғни келесі жауап беру құқығы қарсылас командаға беріледі, олар жауап беруге қиналған жағдайда ғана айыпты командаға жауап беруге рұқсат етіледі). Әрбір дұрыс жауап үшін команда екі балл алады. Әрі бағалау оқытушы белгілеген критерийлерге (сөйлем құрылымының дұрыс болуы, толықтығы, дұрыс жазылуы, жартылай дұрыс жауапты есепке алу және т.б.) сәйкес өзгертілуі мүмкін.

Қазақ