Сыпайы тоқтату ойыны
Оқытушы тақтаға келесі сөзді жазады (немесе студенттерге қағаздағы баспа түрінде таратады):
Interrupting politely
Excuse me,
Pardon me,
Sorry to interrupt,
May I interrupt (for a minute)?
Can I add something here?
I don’t mean to intrude, but . . .
Could I inject something here?
Do you mind if I jump in here?
Фразаларды білімгерлер орындайды. Бір студент аудитория алдында столға отырады. Әрі ол мәтіннен кез-келген бір абзацты оқу тапсырмасын алады. Оқытушы уақытты секундомермен есепке алады (секундомер көптеген қалта телефондарында бар). Студент оқуды бастайды. Қалған студенттер оның оқуын сыпайы (Interrupting politely фразасын пайдаланып) тоқтатып, оқушыға үйренілетін сөзді немесе грамматикалық құрылымды қолданып түрлі сұрақтар қояды. Мысалы, Excuse me, have you ever been unconscious? (to be unconscious – үйренілетін немесе үйренген өрнек).
Білімгерқойылған сұраққа қысқаша немесе толықтай жауап беріп, оқуды аяқтауға ұмтылып жалғастырады. Бұл студент мәтін бөлігін оқып болғанға дейін жалғасады. Оқытушы секундомер нәтижесін хабарлайды (мысалы, 2 мин. 30 сек.).ары қарай келесі студент оның орнын жалғастырып бәрі қайтадан басталады. Мәтінді жылдам оқитын студент жеңімпаз аталады. Бұл ойын білімгерлердің үйретілген лексиканы бекітуге, өтілгенді қайталауға, әңгімелесушінің сұрақтарына жылдам назар аударуға, ағылшын тілінде сұрақ қоюға үйретеді.
