Ситуациялық оқыту

Case study немесе ситуациялық оқыту нақты жағдайлардың моделін пайдалану арқылы оқытуды қарастырады.  Білімгерлер мәселені талдау арқылы байыбын анықтаулары, мүмкін шешімдерді анықтаулары мен олардың ішінен ең тиімдісін таңдай алулары тиіс.

Екі жағдайда да оқытушы білімгерлер назарын сұрақ қою арқылы анықталған ақпаратқа бұрады, оның бағытын бақылайды. Әрі табылған шешімдер негізінде дискуссияны тоқтатуы мүмкін. Кейс әдісі қолдануда болашақ информатика мұғалімдері қайшылықтарды шешуде белсенді өзіндік іс-әрекеттер орындайды, соның нәтижесінде кәсіби коммуникативтік білім, білік, дағды, коммуникативтік қасиеттер, коммуникативтік қабілеттер, коммуникативтік құзыреттер аясында коммуникативтік әлеуеттері жетілдіріледі.

Кейстерді пайдаланып оқытуды ең алғаш 1924 жылы Harvard Business School қолданылған. Кейстерді жинау мен таратудың көшбасшысы 1973 жылы 22 жоғары оқу орнының бастамасымен The Case Clearing House of Great Britain and Ireland болды. 1991 жылдан бастап ол European Case Clearing House (ECCH) деп аталды.ECCH коммерциялық емес ұйым. Қазіргі кезде оның құрамына шамамен 340 ұйым енеді. Бұл ұйымдардың әрқайсысында өздерінің кейстер қоры бар, оларды таратуға ЕССН құқылы. CASE оқытушыға оны оқытудың түрлі кезеңдері мен деңгейлерінде түрлі мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік береді. Оқытуда кейстерді-Гарвардтық (Америкалық) және Манчестерлік (Еуропалық) case-study мектептерімен байланысты екі әдіске негізделеді. Америкалық кейстер көлемі бойынша үлкендеу (20-25 бет мәтін, 8-10 бет иллюстрациядан құралады). Ал еуропалық кейстер одан 1,5-2 еседей көлемде кіші. 

Гарвардтық әдіс кейспен жұмыс нәтижелерін тип бойынша ашық дискуссияда талқылауды ұсынады (қатысушыларды ұйымдастыру мен қатысушыларды бақылау күрделі).

Манчестерлік әдіс жеке немесе топтық сұрауларды пайдаланады,әрі оның барысында білімгерлер жағдайды бағалайды, ұсынылған кейске талдауды, өз шешімдері мен ұсыныстарын ұсынады.

Қазақ