Фила-коучинг
Фила-коучинг - фила тұлғалармен сұхбатқа негізделген шешім табудың рөлдік техникасы. Бұл күрделі жағдайлармен, қиын қолжетімді мақсаттармен, ашық нәтижелі міндеттермен жұмыс жасауда, яғни жеке және кәсіби саладағы мәселелерді шешуде пайдалануға тиімді.
Фила-коучинг - бұл әңгімелесушілердің бірі сұрақ қойып, екіншісі жауап беретін сөйлесу. Қарапайым коучингтен айырмашылығы коуч орнында елестетілген кеңесіші болуы. Оны сіз өзіңізді шабыттандыратын тұлғалар арасынан таңдайсыз (бұл өз замандастарыңыз, тарихи тұлғалар болуы мүмкін).
Фила-коучинг міндеті - біздің ойлау стиліміздегі шектеулерді еңсеру. Тіпті егер біз өзіміз сұрақ қойып, өзіміз жауап берсек бұл да жақсы. Себебі мұнымен біз өз алдымызға таңдау позициясын қойып, жауапкершілікті шешім қабылдауды іске асырамыз. Бірақ фила-коучинг одан да ары өріс алып, өзіміз таңдаған «кеңесшіден» жауап алуды қарастырмады. Бұл басқа адамдардың ойлау стилін байқап көруге, жағдайға басқа көзқарас тұрғысынан қарауға, қосымша бай қорларды іске қосуға мүмкіндік береді. Кеңес:
Тапсырма немесе мәселе ойлап тауып оны қағазға жазыңыз.
Өз филаңыздан осы тапсырманы шешуде ең жақсы көмектесуі мүмкін тұлғаны таңдаңыз.
Тұлғамен жазбаша сұхбат құрыңыз. Бұл жағдайда тұлға коуч сапасында сізге сұрақ қойып сіз оған жауап бересіз.
Үзілістен соң сұқбатты қайта оқыңыз. Өзіңізге қызықты немесе бұрыс көрінген жерлерін белгілеңіз. Сөйлесу нәтижесін тағы бір рет бағалап, оларды жоғалмайтындай етіп сақтаңыз (күнделікке жазу, тапсырма, шешім ретінде жазу және т.б.).
Мұндай жұмыстың нәтижесі:
тапсырмалар - жағдайды өзгертетін немесе қажетті шешім әкелетін нақты әрекеттер;
мақсатқа жету, өмір сүру дағдысын өзгертуді қалыптастыруға қажетті - әдеттер;
тапсырма шешімін іздеудің жалпы стратегиялық бағыты;
жаңаша түсіну, жаңаша қарау, жаңаша сезіну және т.б. болуы мүмкін;
Grow-моделі бойынша сұхбат құру;
Коучингтің негізін қалаушылардың бірі Джон Уитмордың grow-моделі төрт кезеңнен тұрады: мәселенің қойылуы, жағдайды сипаттау, мүмкіндіктерді іздеу және әрекеттерді таңдау. (Grow — Goal, Reality, Options, Will кезеңдердің ағылшын тіліндегі атауынан алынған аббревиатура). Төменде осы сұлба бойыша сұрақтардың қысқаша тізбесін келтіреміз. Сіздің таңдаған тұлғаңыз оларды басқаша қалыптастыруы немесе мүлде басқа сұрақтар ұсынуы мүмкін.
1. Мәселенің қойылуы
Сіз бұл сессияда қай бағытта жұмыс жасағыңыз келеді?
Сессия соңында қандай нәтижелерге қол жеткізуге ұмтыласыз?
Қазіргі шешілетін мәселе бойынша ақырғы мақсатыңыз қандай?
2. Жағдайды сипаттау
Сіздің мәселеңізге байланысты ағымдық жағдайды қалай сипаттайсыз?
Осы жағдайға байланысты не сезінесіз?
Жағдайға қандай факторлар ықпал етеді?
Жағдайда қандай ықпалды тұлғалар қатысады?
Олардың көзқарастары қандай?
Бұл жағдайдағы сіздің басымдықтарыңыз қандай?
3. Мүмкіндіктерді іздеу
- Сіздің ойыңызға қандай мүмкін шешімдер келді?
Идеяларды генерациялаудың түрлі техникаларын пайдаланып, сіз тағы қандай шешімдер ұсына аласыз?
Сіз ұсынған шешімдердің қайсыларын біріктіруге болады? Негізгі шешімдер тізбесін жасаңыз.
Әрбір шешімнің плюстары мен минустары?
Мұндай шешімнің салдары қандай?
Шешімдердің қайсысы жақсы нәтиже береді?
Шешімдердің қайсысы сізге көбірек қанағаттану әкеледі?
4. Әрекеттерді таңдау
Іске асыру үшін қандай шешім таңдайсыз?
Табысқа жетудегі сіздің критерийлеріңіз қандай?
Таңдалған шешімді іске асыруда сізге қандай ішкі және сыртқы кедергілер әсер етуі мүмкін?
Бұл кедергілерді сіз қалай еңсермексіз?
Таңдалған шешімді іске асыру үшін сізге қандай қорлар қажет?
Шешімді іске асыруды сіз қандай қарапайым әрекеттен бастамақсыз?
Кеңестер
Таңдалған рөлге ену үшін тұлғаны өзіңізге қарама қарсы отыр деп елестетіңіз.
Әңгімелесушімен сәлемдесу, әңгіме соңында алғыс білдіріп қоштасуды ұмытпаңыз.
Тұлғаға сіздің мәселеңізді шешуге тікелей қатысты сұрақ қоймаңыз және т.б.
Тұлғамен өзара әрекеттестік сұлбасын өзгертуге болады - мысалы, Уитмордың grow-моделінің орнына Дэвид Алленнің жоспарлаудың 5 қадамын, Эдварда де Бононың Six Thinking Hats әдісін, омега-мэппинг немесе өзіңіздің нақты осы мәселені шешуге құрылған меншікті сұлбаңызды пайдалануға болады.
