Сұхбат әдісі

Сұхбат – коммуникациялық ерекше формасы, әрі ол жалпы ақпараттық, рухани кеңістік құруға мүмкіндік береді де білімгерлердің тең белсенділігі негізінде жаңа білімдер, өзара қарым-қатынастың пайда болуына әкеледі.

Сұхбат бірқатар шарттардың іске асырылуында ғана табысты болады: білімгерлердің деңгейіне сай болуы және олардың өз бетінділігі; болашақ мұғалімдердің  коммуникацияға қатысу біліктерінің дамуы  және  оны қолдау мүмкіндіктерінің болуы; білімгерлерде өзара оң көзқарастардың болуы; барлық қатысушылардың тең қатысуы; топта жағымды психологиялық  микроклиматтың қалыптасқандығы.

Білімгерлерге келесі тапсырмалар берілді:

Сұхбатты оқып сұхбатқа қатысушыларды анықтаңыз;

Өз пікірлеріңізбен толықтырыңыз;

Берілген фразаларды пайдаланып сұхбат құрастырыңыз;

Берілген жағдайға байланысты сұхбат құрастырыңыз және т.б.

Тілдік қиындықтарды болдырмау мақсатында берілген тақырыптар бойынша лексикалық бірліктер мазмұндалған қосымша мәліметтер ұсынылды. Сұхбат құруға қатысты тапсырмаларды орындау барысында білімгерлер өздерінің коммуникативтік әлеуеттерін қалыптастырып қана қоймай, пікірлерге, қателерге, серіктес темпіне толеранттылық танытуды үйренді, сондай – ақ, белсенді тыңдау, кішігірім әңгіме айту техникаларын меңгерді және т.б.

Осылайша, сұхбат әдісі білімгердердің коммуникативтік әлеуетінің, лингвокреативтік ойлауының дамуына әсер етті, ой-пікір білдірудің түрлі тәсілдерін іздеу мен қолдануға үйретті, болашақ мұғалімдердің толеранттылығының, эмпатикасының деңгейін, тұлғааралық коммуникацияға даярлығын жоғарылатты.

Қазақ