Mind-Map әдісі

Mind-Map ойды жинақтау, құрылымдау мен реттеудің, жоспарлау, ассоциативтік ойлау, мәселенің қойылуы мен шешілуінде таптырмас құралы.

Енді Mind Map әдісіне аз ғана сипаттама жасайық. Mind Map  білімгерлердің жеке мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік беріп, олардың коммуникативтік креативтілігін танытумен жаңа әрі тың идеялар іздеулеріне жол ашады. Бұл орайда “mind mapping” технологиясын пайдалану тиімді. “Mind mapping” - бұл кез-келген күрделі ақпаратты түсінікті әрі көрнекі түрде құрылымдау.

Ғалымдар тарапынан білімді мазмұндауда сүлбелер мен суреттер графикалық пішімдерді пайдалануға әртүрлі деңгейде түрлі ұмтылыстар жасалып келді. Ең ұтымды шыққан осындай талпыныстардың бірін өткен ғасырдың 60-шы жылдары Корнуэль университететінің профессоры Д.НовакД.Аусубелдің теориясына сүйеніп тұжырымдады.

Өткен ғасырдың 70-ші жылдары ағылшын психологы Тони Бьюзен ақпаратпен жұмыс жасауда интеллект карталарды (Mind Maps) пайдалануға негізделген техника ұсынды, бұл көптеген компьютерлік бағдарламаларды құруда пайдаланылды. Осы аталған теорияның жарияланған уақытын (1974 жылдың көктемі) майнд менеджмент технологиясының пайда болу кезеңі деуге болады. Қазіргі кезде интеллект карта ұғымымен барабар ұғым ретінде ақыл картасы, ес картасы, ментальді карта түсініктері қолданылуда. Ментальді картаны ментальді сауаттылыққа жету құралы, ойларды еркін визуалдау тәсілі, ойлау мен альтернативті жазба жасаудың оңтайлы әрі ықпалды технологиясы ретінде анықтауға болады.

Қазіргі кезде интеллект карта ұғымымен барабар ұғым ретінде ақыл картасы, ес картасы, ментальді карта түсініктері қолданылуда. Ментальді картаны ментальді сауаттылыққа жету құралы, ойларды еркін визуалдау тәсілі, ойлау мен альтернативті жазба жасаудың оңтайлы әрі ықпалды технологиясы ретінде анықтауға болады. Ментальді карта құруды қарапайым диаграмма түрінде қарастыруға болады. Алдымен ойдың, тақырыптың, тұжырымдаманың негізгі бас элементі диаграмманың ортасына орналастырылады. Бұдан соң осы басты элемент өзін айнала орналасатын құрылымдаушы, түсіндіруші бағынышты түсініктермен байланыстырылады.

Тұжырымдамалық карта/ассоциациялық карта / Концептуальная карта/ассоциативная карта / Word map, mind map - ойлау үдерісінің графикалық бейнеленуінің тиімді тәсілі, оның көмегімен түрлі тұжырым, ұғым, идеялардың арасындағы өзара қарым-қатынастарды визуалдандыруға болады.

Тұжырымдамалық карта идеялардың сабақтастығын, тұжырымдаманың дамуын анықтап, бірден көзге көріне қоймайтын байланыстарын тауып, түрлі идеялар мен шешімдерді тудыруға мүмкіндік береді. Негізгі бас элементті пайдалану қарастырылатын мәселені шешу жолдарын анықтау мен себеп-салдарлық байланыстарды көрсету мүмкіндігін береді. Бұл типтегі ментальді карталар базалық іс-әрекеттердің (орталық түсінікті таңдау, ассоциациялар, бөлшектеу, салыстыру, мағыналық байланыстар) изоморфизм, әмбебаптық (кәсіби іс-әрекет элементтерін меңгеру үшін барлық оқу пәндері үшін пайдалану мүмкіндігі), ассоциативтік ойлауға тірек, адамның перцептивтік ерекшеліктерін ескеру, адам миының екі жарты шарының бірлескен қызметі, ақпарат пен білімді визуалдау ұстанымдарына сәйкес келеді. Ал ассоциация психология ғылымында санада көрініс тапқан және есте бекітілген жеке оқиғалардың, фактілердің, пәндердің немесе құбылыстардың арасындағы заңды байланыс деп түсініледі.

Бұл техника адам миының әлеуетін көрсетуші қуатты графикалық әдіс ретінде бағаланады. Тони Бьюзеннің ментальді карталарының артықшылықтары ретінде ақпаратты қабылдау мен есте сақтаудың жеңілдігін, мәтіндегі кілттік түсінікті іздеуде уақыт үнемділігін айтуға болады.

Ментальді карталарды қолжазба түрінде даярлауға болады. Дегенмен, қазіргі кезде ментальдікарта құруға арналған қолданбалы бағдарламалармен онлайн қызметтердің 200-ден аса саны белгілі. Олардың барлығы да арнайы мүмкіндіктергеие және ментальді карта құру, оларды электрондынұсқада ұсыну операцияларын автоматтандыруғамүмкіндік береді (кесте 1 келесі бетте). Ментальді карталарды пайдалану бағыттары:

- оқытуда: лекция конспектілерін құру; рефераттар, дипломдық жобалар жазу; есте сақтау; емтихандарға әзірлену.

- презентациялар: аз уақытта жақсы түсінілетін әрі есте сақталатын көп ақпарат көлемін ұсынуға болады (ақпарат тізбекті құрылымданған түрде ұсынылады); іскерлік кездесулер мен келісімдер жүргізу.

Жоспарлау: уақытты басқару: мерзімдік жоспарлар құру; жаңа жобалар жасау; тізімдер құру; бюджетті жоспарлау.

Миға шабуыл: жаңа идеяларды генерациялау; күрделі есептерді ұжымдық шешу.

Шешім қабылдау: барлық «иә» және «жоқ» жауаптарды анық көру; барынша салмақты ойластырылған шешімдер.

Ассоциативтік ментальді карталарды құруда келесілерді есте ұстау қажет:

- картаның негізгі идеясының анық болуы;

- карта элементтерінің графикалық қолдауғаие болуы;

- ассоциациялау;

- ассоциацияларды анықталған белгілерібойынша топтау және құрылымдау, орталық элементке кілттік тармақтар үстемелеу;

- тармақтарды түстік ерекшелеу;

- элементтер арасында объективті байланыстар орнату.

 

Кесте 1. Ментальді карта құруға арналған қолданбалы бағдарламалық жабдықтар және желілік мүмкіндіктер

№ Бағдарламалық өнім атауы

1 MindManager http://www.mindjet.com

2 Visual Mind http://www.visual-mind.com

3 Concept Draw http://www.conceptdraw.com

4 Cayra http://cayra.net

5 FreeMind http://freemind.sourceforge.net

6 VYM http://www.insilmaril.de/vym

7 xMind http://www.xmind.net

8 Thoughtex http://thoughtex.net

9 Personal Brain http://img.brothersoft.com/

 

 

 

Электронды адрес

Онлайн қызметтер

10 MindMeister http://www.mindmeister.com/

11 Mind42 http://mind42.com

12 Mindomo http://mindomo.com/

13 Comapping http://www.comapping.com/

14 DropMind http://web.dropmind.com/

15 WiseMapping http://www.wisemapping.com

16 Bubble.us http://bubbl.us/

17 Text2MindMap http://www.text2mindmap.com/

18 MAPMYself http://mapul.com/

19 Ekpenso http://ru.ekpenso.com/

20 Glinkr http://www.glinkr.net/

21 Wisdemap http://wisdomap.com/

22 WebofWeb http://webofweb.net/

Қазақ